Бүгін сенаттың жалпы отырысында жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды.
Бүгінгі отырыста ҚР жоғарғы сотының судьясы Нұрлан Қыдыржанұлы Сұлтановты қызметінен босату туралы мемлекет басшысының ұсынымы енгізілді.
Нұрлан Қыдыржанұлы құрметті отставкаға кету шешімін жасады. Осы орайда жоғарғы сот судьясын қызметінін босату ұсынымын қолдауды сұраймын, — деді жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Палата депутаттары аталған ұсынысқа қолдау білдірді.