Басты бетЖаңалықтарТүркістан облысында...

Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Түркістан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқиға Түлкібас ауданындағы «Қарақшы» учаскесінде болды. Жүк пойызы рельстен шығып кеткен.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, апатты жағдайдан сегіз вагон бүйіріне аударылып қалған. Салдарынан жоғары вольтты электр желісіне зақым келіп, шпалдар мен қураған шөптер өртенген.

Оқиға орнына келген құтқарушылар 150 шаршы метр жердегі өртті жойды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қаіргі таңда апатты жағдайдың салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.