Air Astana тобы 24 маусымда Ұлыбританияның Fairmont Windsor Park-інде өткен беделді World Airline Awards 2024 салтанатты рәсімінде жоғары марапаттар алды.
Air Astana әуекомпаниясы 12-рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік әуекомпаниясы деп танылып, сегізінші рет «Орталық Азия мен ТМД-да үздік борттық қызмет көрсету» марапатына ие болды. Бұған қоса Air Astana-ға тиесілі FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы екінші рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік бюджеттік тасымалдаушы» марапатын алды.
Air Astana Group бас атқарушы директоры Питер Фостер өңірдегі үздік қызметіміз үшін тағы да жоғары баға алу үлкен мәртебе екенін айтты.
Бұл марапаттар Air Astana мен FlyArystan-дағы бүкіл командамыздың жоғары стандарттарды ұстанатынын және әр рейсте клиенттеріміздің риза болуын қамтамасыз еткен адалдығын көрсетеді. Осы беделді наградаларды алу қызмет көрсетудің барлық аспектісінде кемелденуге мызғымас адалдығымызды көрсетеді, — деді Питер Фостер.
Марапат туралы
1999 жылы құрылған World Airline Awards сыйлығы тәуелсіз және бейтарап болып, клиенттердің риза болуының жаһандық зерттеуін қамтамасыз етеді. «Авиация өнеркәсібінің Оскары» деп аталатын Skytrax әлем бойынша саяхатшылардың сапарда риза болғанын сауалнама арқылы аңықтайды. Skytrax сауалнама мен салтанатты рәсімнің барлық шығынын өтейді, әуекомпаниялар үшін тіркеу жарнасы мен логотип пен нәтижелерін пайдалану үшін әуекомпариялардан ақы алмайды.
2023/2024 онлайн-сауалнамасы 2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы мамырға дейін алты тілде өтті. Оған 100-ден астам ұлттан 21,42 миллионнан астам адам қатысты және сауалнама 350-ден артық әуекомпанияны қамтыды.