Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Словения президентіне жеделхат жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын, – деп жазылған жеделхатта.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мемлекет басшысы Словения президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.