Биыл Павлодар әуежайының ғимаратындағы сауда алаңдарын жалға алу құны 15%-ке өскен. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қуат Өтеуов хабарлады.
Air Astana әуе компаниясы бұл шешіммен келіспей, мемлекеттік бақылаушы органға шағымданды.
Департаментке «Павлодар әуежайының» сауда алаңдарын жалға беру жөніндегі қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша «Air Astana» әуе компаниясынан шағым түсті. Ол бойынша тергеу жүргізілді. Жалдау ақысының өсуінің негізгі себебі – еңбекақының, тазалау құралдарын сатып алу шығындарының ұлғаюы, коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуі кейін тергеу Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабы негізінде тоқтатылды, — деді Қуат Өтеуов.