Басты бетЖаңалықтарЕлімізде шегіртке...

Елімізде шегіртке қаптауы мүмкін аумақтардың 66%-і өңделді

Қазақстанда жоспарланған аумақтардың 66%-і шегірткеге қарсы өңделді. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе және Қостанай облыстарында мониторинг нәтижесі бойынша алқаптарда шегірткеге қарсы қосымша өңдеу жүргізіліп жатыр.

Атап айтқанда, Алға ауданында жоспарланған 41 570 гектардың 39 570 гектары өңделді. Жалпы өңірлерде препарат қоры жеткілікті, техника дайын.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Республикалық жедел штаб отырысында шекаралас аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылды.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында РФ шекарасы бойында 104 км алаңда химиялық өңдеу жүргізілді, барлығы 219 км шекара аймағының 195 шақырымын өңдеу жоспарланған, — делінген хабарламада.

Ресей тарапының деректері бойынша Орынбор облысында 22 мың га, ҚР шекарасы бойында 10 км өңделген.