Басты бетЖаңалықтарҚазақстан өңірлерінде...

Қазақстан өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 маусымда Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы Жетісу облыстарында күн күркірейді.

Ұлытау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Абай облыстарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында нөсер жауын мен бұршақ жаууы мүмкін, — делінген хабарламада.