Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мыңнан астам қажы қаза болды. Бұл туралы корольдіктің денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдель Рахман аль-Джаляджель мәлімдеді.
«Әл-Ихбария» мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, қажылық кезінде қайтыс болғандар саны 1 301 болды, олардың 83%-інде тиісті виза болмаған.
Марқұмдар Меккеде жерленді. Қаза болғандардың арасында 660-тан астам мысырлық бар. Олардың 31-нен басқасы рұқсат етілмеген қажылар болған.
Мысыр билігі рұқсатсыз қажыларға Сауд Арабиясына баруға көмектескен 16 туристік фирманың лицензиясын қайтарып алды.