Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды. Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін, – деді президент.
Ол полиция қызметкерлеріне зор денсаулық пен толайым табыс тіледі.