Еpetition сайтында жарияланған петиция үш мыңға жуық дауыс жинап үлгерді.
Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырып жатырмыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдіріп, мерзімінен бұрын зейнетке шығуды немесе зейнетке шығуды кейінге қалдыруды ұсынса, біз бұл ұсыныстарды қарастырамыз, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.
Петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын құрып, петицияны талқылайды.