Технологиялар мен инновация шешімдерінің жетекші әлемдік флагманы Huawei компаниясы жыл сайын болатын Huawei ICT Community іс-шарасын сәтті өткізді. Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Huawei компаниясының басшылығы, жоғары оқу орындарының ректорлары мен технологиялық компаниялардың басшылары бас қосқан іс-шара цифрлық технологиялар саласындағы кейінгі үрдістер мен озық шешімдерді талқылауға арналған негізгі алаңға айналды.

Huawei ICT Community — бұл компанияның АКТ саласындағы отандық жас мамандарды қолдау мен дамытуға бағытталған қазақстандық бастамасы. Бұл қауымдастық жас мамандарға технология саласындағы білімін тереңдетіп қана қоймай, пікірлес адамдармен кездесуге, пайдалы байланыстар орнатуға және мансап жолындағы перспективаларды талқылауға мүмкіндік береді.

Huawei
Фото: Huawei

Іс-шараның шымылдығын Ғылым және жоғары білім министрлігі Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және автоматтандыру департаментінің директоры Нұрсұлтан Махатов ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол оқушыларды цифрлық дәуірдің талаптарына сай дайындайтын және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті ететін АКТ-ны заманауи білімге интеграциялаудың маңызын айтты.

Қазіргі білім беру АКТ-ның барлық артықшылығын қамтуы керек. Жоғары технологиялар оқу процесін өркендетіп қана қоймай, студенттерді цифрлық экономика мен қоғамның талаптарына дайындайды. Біз цифрлық технологияларды таратуға бағытталған бастамаларды қолдауға дайынбыз, өйткені олардың білім берудегі және жалпы қоғамдағы өзгерістерге әкелетін әлеуетін көріп отырмыз, — деді Нұрсұлтан Махатов.

Іс-шарада цифрлық трансформацияға, АКТ-ны әртүрлі салаға енгізуге және тұрақты цифрлық экожүйелерді құруға қатысты негізгі тақырыптар талқыланды. Іс-шараға қатысқандар жоғары технологиялар саласындағы кейінгі үрдістермен танысуға және оларды нақты міндеттерді шешу үшін қолдану әлеуетін талқылауға мүмкіндік алды.

Huawei
Фото: Huawei

Huawei әлі де бүкіл әлем бойынша цифрлық трансформацияны жеделдету үшін инновациялар жасау және білімді бөлісу миссиясы үшін беріліп жұмыс істеп келеді. Huawei ICT Community — бұл тәжірибені және жаңа идеяларды бөлісу мүмкіндігі ғана емес, стратегиялық серіктестіктер құруға арналған алаң. Біз бірлескен күш-жігермен цифрлық экожүйені дамыту және өмірдің барлық саласында тұрақты өсуді қамтамасыз ету үшін көп нәрсе жасай алатынымызға сенімдіміз, — деді Huawei компаниясының Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Sha Na.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі цифрлық трансформацияны және оның әртүрлі салаға әсерін талқылау болды. Панельдік сессия аясында спикерлер жаңа технологияларды енгізу процестерін және өзгеріп тұратын нарық жағдайларына бейімделуді талқылап отырып, цифрлық экономиканың болашағына қатысты тәжірибесі мен көзқарасын бөлісті.

Қазақстанның цифрлық трансформациясы өсіп жатыр және бұл қажет білімі мен дағдылары бар адамдар үшін көптеген мүмкіндік береді. Бүгінгі студенттер — цифрлық Қазақстан келбетін қалыптастыратын болашақ көшбасшылар. Сондықтан жақын арада сұранысқа ие болатын дағдылар мен білімді дамыту қазірдің өзінде маңызды. Huawei ICT Competition сияқты Huawei конкурстары цифрлық дәуірде табысты мансап үшін қажет озық білімге қол жеткізіп, жоғары технологиялар саласындағы болашақ көшбасшыларды даярлауда маңызды рөл атқарады, — деді MOST холдиңінің тең құрылтайшысы және басқарушы серіктесі Павел Коктышев.

Іс-шарада Huawei ICT Competition 2023-2024 беделді халықаралық АКТ байқауында бірінші орын алған қазақстандық жеңімпаз студенттерді марапаттау салтанаты өтті.

Біз Huawei компаниясына бүкіл ел бойынша түрлі ЖОО-ны біріктіре алатын осындай тамаша байқау ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз. АЭжБУ осы бағыттағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі ретінде әрдайым осындай іс-шараларды қолдайды. Біз қазірдің өзінде Huawei-мен жұмыс істеп жатырмыз және болашақта бірлескен бағдарламаларымызды, оның ішінде ЖИ бойынша да дамытамыз. Бұл бағдарламаларды оқу процестері шеңберінде қарауға дайынбыз, — деді АЭжБУ Цифрландыру жөніндегі проректоры Олжас Махамбетов.

Huawei
Фото: Huawei

Қазақстанда АКТ-ға қызығатындар жыл сайын артып келеді. Бұл студенттердің ақпараттық технологиялар саласындағы машығын дамытуға белсенді түрде көңіл бөліп жатқанын көрсетеді. Осыған байланысты Huawei елімізде IT-саланы дамытуға бағытталған түрлі жобаны белсенді түрде енгізіп, қолдап жатыр. Осындай бастамалардың ішінде Huawei ICT Community-мен қатар Huawei ICT Competition және Seeds for the Future байқаулары, Huawei АКТ академияларының білім беру курстары бар екенін айтқан жөн. Осы бағдарламаларға қатысқан жас мамандар өз әлеуетін аша алады және АКТ саласында өзекті білім мен машық игере алады.