Фактчек: Қазақстандағы вейптерге тыйым – ақиқат пен аңыз

темекі, вейп, электрон темекі, шылым
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерге толығымен тыйым салынады. Осы күннен бастап «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға түзетулер күшіне енеді.

Тыйым салынатыны туралы сәуірдің ортасында белгілі болғанына қарамастан, жаңа түзетулерге қатысты қазақстандықтар арасында екіұшты пікір қалыптасты. Бұл материалда біз мәлімдемелердің қайсы аңыз, ал қайсы ақиқат екенін егжей-тегжейлі қарастырамыз.

Аңыз 1: Заңды бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік жүктеледі

Ақиқат: Нақтылайтын болсақ, заңға енгізілген түзетулер әкімшілік жауапкершілікті емес, қылмыстық жауапкершілікті жүктейді. Вейптер мен оларға хош иістендіргіштер, сұйықтықтарды сатқаны және таратқаны үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, не түзеу жұмыстары, не қоғамдық жұмыстарға 200 сағатқа дейін тарту, не 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделген. Вейптер, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелгені, өндіргені үшін де жаза қарастырылған – 2 000 АЕК-ке дейінгі айыппұлдан бастап, мүлкі тәркілене отырып, екі жылға бас бостандығынан айыруға дейін.

Аңыз 2: Тыйым барлық түтінсіз құрылғыларды қамтиды

Ақиқат: Заңсыз деп тек вейптер танылды. Темекі қыздыру жүйелері, басқаша айтқанда, хиттерлерге тыйым салынбайды және олар зияны аздау никотин тұтыну баламаларын іздегендер үшін заңды нұсқа болып қала береді. Шындығында, хиттерлер мен вейптер құрамы мен компоненттері бойынша ерекшеленеді – хиттерлерде табиғи темекі қыздырылады, ал вейптерде көп компонентті сұйықтық қызады. Тыйым салушылардың негізгі шағымы дәл осы вейптердің сұйықтығына қатысты болатын – бұл сұйықтықтардың құрамы мен шығу тегі үлкен күмән тудырды.

Аңыз 3: Вейптерге тыйым темекі шегушілерді баламасыз қалдырады

Ақиқат: Баламалары бар – олар үшеу. Олардың барлығы зиянды азайту бойынша әлемдік трендтің бөлігі, оның ішіне темекі тұтынудан болатын зиянды азайту да кіреді.

  1. Никотинді алмастыру терапиясы. Бұл темекі шегушіге түтін жұтпай-ақ никотин тұтынуға мүмкіндік беретін өнімдер. Мысалы, никотин жапсырмалар, сағыздар, таблеткалар, спрейлер, сонымен қатар снюс (шайнайтын темекі).
  2. Темекі шегуден және никотинді тұтынудың басқа әдістерінен толық бас тарту. Алайда іс жүзінде бұл оңай емес: ДДСҰ мәліметтері бойынша, темекі шегушілердің тек 4-7%-і бір реттен темекіні тастай алады.
  3. Хиттерлер – олар туралы жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Вейптерге тыйым аясында бұл балама ең тиімді болып көрінеді. Никотин көзінің зияны аздау баламасы тұрғысынан түтінсіз өнімдерді қолданудың арқасында көптеген дамыған елдер дәстүрлі темекіні тұтынуды едәуір азайта алды.

Ұлыбританияда никотині бар зиянды өнімдерді зияны аздау никотині бар өнімдерге алмастыру темекі шегетін халықтың үлесін ересек тұрғындардың 12%-не, ал Швецияда 5,6%-ке дейін жеткізуге көмектесті, демек ел темекі түтінінен толық құтылуға сәл-ақ қалды деген сөз. Айтпақшы, Швецияда Еуропалық Одақтың басқа елдермен салыстырғанда темекі шегуге байланысты аурулардың ең төменгі пайызы тіркелген: қатерлі ісік ауруы 41%-ке, ал темекі шегуге байланысты барлық аурулардан болатын өлім-жітім 39,6%-ке төмен.

Жапонияда темекі шегетін халықтың үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 30%-ға төмендеді. Ал Жаңа Зеландияда соңғы 10 жылда темекі шегетін ересектердің саны 8%-ға дейін қысқарды, ал 2021 жылы халықтың 56 мыңы темекіден бас тартқан.

Аңыз 4: Құрамында никотин болғандықтан темекі де, хиттер де бірдей зиян

Ақиқат: Шынында да, хиттерде де, қарапайым темекіде де никотин бар. Алайда темекі шегушінің денсаулығына зиян тигізетіні ол емес – никотин тәуелділіктің пайда болуына жауапты. Басты зиян темекінің жанатын өнімінен болады, қарапайым тілмен айтсақ, темекі түтінінен.

Темекі өнімдерінің ішінде темекі ең зиянды түрі. Темекі түтінінің құрамында 6 000-нан астам зиянды зат бар (олардың 70-і ағзаға улы), сонымен қатар ол түрлі ауруларды, соның ішінде онкология, өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыратыны дәлелденді.

Ал хиттерлер басқаша жұмыс істейді: құрылғыға табиғи темекісі бар таяқша орнатылады, ол жанбайды, тек қызады. Темекі түтінінің орнына бу шығады, оның құрамында зиянды заттар темекіге қарағанда 95%-ке аз.

Жалпы, «Стратегия» ҚҚ зерттеулеріне сәйкес, кейбір Қазақстан азаматтары вейптерді темекі шегуден болатын зиянды азайту тәсілі ретінде пайдаланды. Енді олар темекі өнімдерінің ең зиянды түріне – дәстүрлі темекіге оралғылары келмейді. Сондықтан, вейп тұтынушылары да, кәдімгі темекі шегушілер де хиттерлерді зияны аздау балама ретінде қарастыра алады. Кейбір мәліметтер бойынша, Қазақстанда 500 мыңға жуық қолданушы хиттерлерге көшкен.