Басты бетЖаңалықтарВейптерге тыйым...

Вейптерге тыйым салынды: оны шегетіндер енді не істемек?

Қазақстанда 2024 жылғы 20 маусымнан бастап вейптер мен электрон темекілерге біржола тыйым салынады. Бұл мақалада тыйым нені қамтитынын және зиянды азайтқысы келетін темекі шегетіндер не істей алатынын егжей-тегжейлі баяндаймыз.

Қазақстан президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Түзетулерге сәйкес, вейптерге толығымен тыйым салынады, яғни елге вейптерді, оларға хошиістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынады. Заңды бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады – 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салады немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айырады.

Дегенмен бүгінгі таңда салауатты өмір салты – өзекті тақырыптардың бірі. Сондықтан ең дұрысы – темекі шегуден толығымен бас тарту. Бірақ зерттеулерге сәйкес, темекі шегетіндердің оннан бірі ғана еш зардапсыз темекіні толығымен тастай алады екен – қалғандары көбіне қайта кәдімгі темекіні шегіп кетеді, ал бұл — темекі мен никотин өнімдерінің ең зиян түрі.

Кейінгі жылдары Қазақстанда жүздеген мың темекі шегетін адамдар зияны аздау деп электрон темекі мен вейптерге ауыса бастады, бірақ сарапшылардың пікірінше, тыйым салу оларды дәстүрлі темекіге оралуға итермелейді.

Заңды балама

Қоғам арасындағы қате түсінікке қарамастан, тыйым темекі қыздыру жүйелеріне (немесе хиттерлерге) қолданылмайды – бұл вейптердегідей сұйықтықтан емес, нақты темекісімен арнайы таяқша ұстағышы бар құрылғылар. Темекіден түбегейлі айырмашылығы – хиттерлерде темекі жанбайды, қызады – бұл көптеген зерттеуге сәйкес, зиян мөлшерін 95%-ға азайтуға көмектеседі.

Хиттерлерде зиян заттардың көзі саналатын түтін болмайды, ал дәл осы жану процесінде 6000-ға дейін заттек бөлінеді, оның 70-і ағзаға улы. Мұндай заттар хиттерде 95%-ға аз.

Осылай, олар темекі шегуге байланысты аурулардың даму қаупін азайтатыны ғылыми дәлелденген.

Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, вейптерді пайдаланатындардың айтарлықтай үлесі – 21 жасқа толмаған жасөспірімдер. Енді олардың темекіні тастаудан басқа амалы болмайды, өйткені олар темекіні қыздыруға арналған құрылғылардың ешқайсын сатып ала алмайды. Кез келген дәрігер бұл әдеттен бас тарту денсаулық үшін ең үздік нұсқа екенін растай алады.