Басты бетЖаңалықтар"СҚ-Фармация" басшысы...

«СҚ-Фармация» басшысы қызметінен босатылды

Ерхат Есқалиев «СҚ-Фармация» басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады.

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиевтің өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылды, — деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығы бойынша, Ерхат Есқалиев 18 маусымда қызметінен босатылған.