Шымкент спирт зауытының басшысы қамауға алынды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Тексеру барысында қаржы мониторингі агенттігі Шымкент спирт зауытында есепке алынбаған 81 тоннадан астам алкоголь өнімін өндірілгенін және сатылғанын анықтады.
Суррогат алкоголь өнімін дайындау бойынша астыртын қызметпен айналысатын тұлғаларға есепке алынбаған алкогольдік өнімдер сатылды, — делінген хабарламада.
Жасырын алкоголь мереке және демалыс күндері жөнелтілген, бұл этил спиртін сақтау және сату ережелерін бұзады.
Ведомство мәліметінше, сонымен қатар спирт зауытының директоры қалалық департаменттің лауазымды қызметкеріне пара бермек болды деген күдікке ілінген.
Алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен байланысты іс-әрекетіне көз жұма қарауы және қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін бір реттік 20 000 АҚШ доллары және ай сайын 1 000 000 теңге көлемінде пара ұсынылған, — делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.