Алматы халықаралық әуежайы аумағындағы автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу-құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты автотұрақтар кезең-кезеңімен жабылады.
Жолаушыларға оңтүстік автотұрақты (кіру Ахметов көшесінен) пайдалануды ұсынамыз. Сонымен қатар әуежайға келуіңізді алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жұмыстар 2024 жылғы қыркүйек айына дейін аяқталады, — делінген хабарламада.