Астананың Сарыарқа ауданында жатақханаға айналдырылған екі қабатты үйден өрт шықты.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпарат бойынша, мансардтық тұрғын үйдің және оған бекітілген бір қабатты жұмсақ жиһазды қалпына келтіру цехының шатыры өртенген.
Зардап шеккен адам бар. 1935 жылы туған азамат жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.