Алматы әуежайындағы халықаралық рейстер жаңа терминалға көшірілді. Бұл туралы әуежай әкімшілігі хабарлады.
14 маусым сағат 1.00-ден бастап барлық халықаралық рейс Алматы әуежайының жаңа терминалынан ұшуға толық көшуі жүзеге асырылды. 2024 жылғы 1 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін жаңа терминалдан барлығы 310 халықаралық рейс орындалды және 43 814 жолаушыларға қызмет көрсетілді, — делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда жаңа терминал 33 әуе компанияға қызмет көрсетеді.
Оның ішінде үш қазақстандық тасымалдаушы – Air Astana, Scat, FlyArystan әуе компаниялары және Uzbekistan Airways, Azerbaijan Airlines, Pegasus Airlines, Somon Air, Wizz Air, Vietjet, Red Wings, IndiGo, Loong Air, Rossiya, Jazeera Airways, Salam Air, Air Arabia, Red Sea Airlines, Air Cairo, Hunnu Air, Azimuth Aero, Yakutia Airlines, Qeshm Air, Air Asia, S7 airlines, FlyNas, Neos Airlines, China Southern Airlines, Qatar Airways, Lufthansa, Flydubai, Turkish Airlines, Asiana Airlines, Aeroflot сияқты 30 Халықаралық әуе компаниялар бар, — делінген хабарламада.
Бұрынғы терминалда (Т1) барлық ішкі бағыттар бойынша Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Южное небо әуе компанияларының рейстері ұшады.