Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық гроссмейстер...

Қазақстандық гроссмейстер әлем чемпионы атанды

20 жастағы Қазыбек Нөгербек жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024) топ жарды.

Бұл туралы шахмат федерациясы хабарлады.

Чемпионат 2-13 маусым аралығында Үндістанның Гандинагар қаласында өтті. Оған 123 шахматшы қатысты, олардың ішінде 13 гроссмейстер және 28 халықаралық шебер болды.

Қазыбек Нөгербек 11 раундта 8½ ұпай жинап, алтын медальмен бірге 1-орынға ие болды. Екінші орында – армениялық гроссмейстер Эмин Оханян, серб шахматшысы Лука Будисавлевич үшінші орынды қанағат тұтты.

Бұған дейін ондай жетістікке үш қазақстандық шахматшы ғана жеткен. Олар – Дәрмен Сәдуақасов (1998 ж.), Динара Сәдуақасова (2016 ж.) және Жансая Әбдімәлік (2017 ж.).