Бүгін елордада парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Күн тәртібі бойынша, парламент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын талқылайды.
Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР жоғары сот кенесінің төрағасы Денис Шипп, ҚР жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина, ҚР жоғарғы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ҚР әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысып жатыр.