Ұлттық тестілеу орталығы 2024-2025 оқу жылына арналған грант конкурсына қатысу үшін қажет жоғары оқу орындарының шекті балдары туралы ақпаратты жариялады.
Орталықтың мәліметінше, «Математика мұғалімдерін даярлау» мамандығы бойынша грантқа академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне түсу үшін кемінде 77 балл жинау керек.
Ал Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-не 110 балл, SDU University-не 120 балл қажет.
Университеттер мен шекті балдардың толық тізімін мына жерден қарауға болады.