Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президентін әуежайдан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды, — делінген хабарламада.