Қаржы министрі Мәди Такиев сенаттың жалпы отырысында 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебін баяндады.
Былтырғы жылдың қорытындылары оң серпінмен атап өтілді. 2023 жылы жалпы ішкі өнімнің өсуі — 5,1%. Бұған негізгі капиталға инвестициялардың өсуі мен экономиканың негізгі салалары, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда-саттық, көлік салаларының дамуы есебінен қол жеткізілді. Жылдық инфляция деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда екі есеге төмендеп, 9,8% болды. Қажет қаржыландырумен қамтамасыз ету, мемлекетке өзінің әлеуметтік міндеттемелердің барлығын орындауға мүмкіндік берді, — деді министр.
Министрдің айтуынша, жалпы бюджет тапшылығы 3,1 триллион теңге немесе жалпы ішкі өнімге 2,6% болды.
2024 жылғы 1 қаңтары жағдайы бойынша мемлекеттік борыш 27,2 триллион теңге немесе жалпы ішкі өнімге 22,8%, — деді Мәди Такиев.