Басты бетЖаңалықтарБүгін Ақтөбе...

Бүгін Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

12 маусым, сәрсенбі күні Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.