Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 1...

Қазақстанда 1 126 ауыл сумен қамтамасыз етіледі

Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елдегі ауылдардың сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші туралы мәлімет берді.

Бүгінде 6 256 ауылдың 5 130-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Қалған 1 126 ауылды 2025 жылдың соңына дейін қамтамасыз ету қажет. Оның ішінде, 316 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар бюджет қаражатын тиімді пайдалану үшін халық саны 200-ден кем 810 ауылда жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылады, — деді Қанат Шарлапаев.

Министрдің сөзіне қарағанда, биыл 385 ауылды сумен қамтамасыз ету жоспарда тұр.

Оның ішінде 135 ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету, 250 ауылда кешенді блок-модуль орнату жоспарланған, — деді ол.