2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторында жалғасып жатқан шабуылдарынан құрбан болғандар саны 37 084-ке жетті.
Бұл туралы Anadolu хабарлады.
Палестина денсаулық сақтау министрлігі Израиль армиясының Палестина анклавына құрлық, теңіз және әуе арқылы жаппай шабуылдары 247 күннен бері тоқтамағанын еске салады.
Кейінгі 24 сағат ішінде Израиль Газа секторында сегіз рет шабуыл жасап, салдарынан 283 адам қаза болды, оның ішінде Нусайрат босқындар лагерінде 274 адам қаза болып, 698 адам ауыр жарақат алған. 2023 жылғы 7 қазаннан бері Израильдің Газаға жасаған шабуылдары нәтижесінде жараланғандар саны 84 494-ке жетті, — делінген хабарламада.
Қаза болғандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында, жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштері жасаған кедергілерге байланысты оларға жете алмайды.