Кейінгі 5 жылда Каспиде 58 адам қаза болған

Кейінгі 5 жылда Каспий теңізінде 58 адам мерт болған. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді.

Қайтыс болғандардың 14-і — кәмелет жасқа толмаған балалар.

Келеңсіз оқиғаларды алдын алу үшін Маңғыстау облысының прокуратурасы судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттін ескертті.