15 жастағы Заңғар Нұрланұлы Азия теннис федерациясы рейтиңін бастап тұр

Азия теннис федерациясының 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жаңарған рейтиңінде Заңғар Нұрланұлы бірінші орынға шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Заңғар 15 жаста. Ол 2 610 ұпай жинаған. Мамыр айында Азия/Океания Juniors Davis Cup іріктеу кезеңінде Заңғар Қазақстан құрамасы сапында алты жеке ойын ойнады. Барлығында жеңіске жетті.

Рейтиң
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Жас теннисшінің қоржынында ITF Junior-дың төрт титулы бар: үшеуін жеке дара ойында, біреуін жұп ойында жеңіп алған.