Сусыз қалған Алматы облысының тұрғындары әкімдікке шағымданып, әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.
Бұл туралы «ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиғаға қатысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.
Әкімдіктің мәліметінше, аймақты сумен қамтамасыз етіп отырған «Таусамалы Қызмет» компаниясының су құбыры екі рет жарылған.
Қарасай ауданының әкімдігі 6 маусым күні Райымбек ауылдық округінің Жаңатұрмыс ауылындағы су құбырының жарылуына байланысты «Таусамалы Қызмет» МКК авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізгенін хабарлайды. Апат жойылып, сумен жабдықтау қалпына келтірілген. Алайда 7 маусым күні сол жерде тағы да апат болды. Қазіргі уақытта «Таусамалы Қызмет» МКК бригадасы апат орнында жұмыс істеп жатыр. Авариялық жұмыстар 07.06.2024 ж. сағат 16.00-ге дейін аяқталады деп жоспарланған. Сумен жабдықтаудың үзілуіне байланысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.