Басты бетЖаңалықтарАстанада құрбандық...

Астанада құрбандық шалу орындары анықталды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында елордалық базарлардағы құрбандық шалу орындарында санитарлық нормалардың қаншалықты сақталғаны тексерілді. 

Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. 

Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі:

  • «Шанхай» базары,
  • «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10),
  • «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат, 1),
  • «Шолпан-ата» базары («Алаш» тас жолы, 27/2),
  • Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Ауыл шаруашылығы жануарлары сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында сойылуға тиіс.

Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. Екі санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады, — деді мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор Мелис Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсіп тұр.