2023 жылғы 7 қазанынан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылы нәтижесінде қаза болған палестиналықтардың саны 36 мың 586-ға жетті, 83 мың 74 адам жарақат алды.
Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте анклавтың тағы 36 азаматы қаза болып, 115-і жарақат алған.
Кейінгі 24 сағатта Израиль әскерлері Газа секторының әртүрлі аймақтарында төрт «қырғын» жасады, — делінген хабарламада.
Хабарда қаза болғандардың денелерінің әлі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.