Алматының Жансүгіров және Жұмабаев көшелерінің қиылысында жеңіл көлік пен мопед соқтығысып, мопед жүргізушісі қаза болды.
Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Жол-көлік оқиғасы 3 маусым күні 21.20-да Жетісу ауданында болды. Жансүгіров пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында мопед және Toyota Land Cruiser автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде мопед жүргізушісі қайтыс болып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша жол жүру ережесін мопед жүргізушісі өрескел бұзған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада.