Басты бетЖаңалықтар"Жетісу" футбол клубының директоры қамауға алынды

«Жетісу» футбол клубының директоры қамауға алынды

«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Ақпаратты Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты растады.

Сот шешімі бойынша, Д.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алуды санкциялау туралы тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды, — делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін БАҚ-та «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Ол ұрлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да