Басты бетЖаңалықтарАстанада бір...

Астанада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Астананың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарталы көшесінің Н.Тлендиев даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлімдеді.

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Осыған байланысты 2-3 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, — делінген хабарламада.