1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні президент резиденциясы «Ақордаға» 81 оқушы танымдық саяхат жасады.
Еліміздің барлық өңірінен келген халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, шығармашылықта және спортта жоғары жетістіктерге жеткен балалар, белсенділер мен еріктілердің тынымсыз ізденістері осы сапар арқылы ескерілді. Биыл Ақордаға су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің балалары да келді.
Бұл саяхат балаларға Елорданың тарихи рөлі және бірегей сәулет ансамблі – Қазақстан Республикасы президентінің резиденциясымен танысуға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында балалар Ел президентінің жұмыс тәртібімен, «Ақорда» резиденциясы және оның аймағындағы бақшаға байланысты қызық фактілерден хабардар болды.