Басты бетЖаңалықтарАстаналық еріктілер...

Астаналық еріктілер балаларға тәттілер мен сыйлықтар таратты

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордалық балаларды қуантты. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Бүгін «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы мереке қарсаңында ерекше іс-шараұйымдастырды. Еріктілер жағалау маңында және саябақтарда жүрген балаларға сыйлық үлестірді. Шараның басты мақсаты – балаларды қуантып ғана қоймай, оларды қолдап, қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау.

Фото: Астана әкімдігі

Астана қалалық волонтерлер қозғалысын дамыту бөлімінің басшысы Эльвира Есмұханова бүгінгі шара туралы айтып берді.

«Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлары 31 мамыр күні елорда тұрғындары мен қонақтарына 30 келі кәмпит және балаларға ойыншықтар таратуда. Аталмыш шара Арбатта балаларды қорғау күніне орай өткізіліп жатыр, — дейді ол.

Сондай-ақ, мереке аясында Астананың аула клубтарында түрлі іс-шаралар, соның ішінде шеберлік сыныптары, концерттік бағдарламалар өткізу жоспарланған.

«Астана Жастары» орталығының үздік волонтерларының бірі Давид Шарипов өзінің бүгінгі жұмысы мен ерікті болуға қатысты көзқарасын бөлісті.

Фото: Астана әкімдігі

«Біздің команда аясында мен әлеуметтік және экологиялық жобаларға жауаптымын. Сенбіліктер ұйымдастырып, қаттар мен мүгедектерге азық-түлік жеткізуге және оларға көмектесу үшін жиі бас қосамыз. Бүгінгі шараның ең басты ерекшелігі – балалар. Балаларды қуантқысы келмейтін адам жоқ шығар. Бүгін 15 шақты волонтер саябақты бірге аралап, балалардың көңілін көтеріп, тәттілермен қуантып, естелік сыйлықтар табыстаймыз. Ерікті болғанда осылай барша адамның қуанышына себепкер болуға мүмкіндік туады», — дейді Давид Шарипов.

Астана әкімдігі мереке күндері балаларға арналған концерттер өткізбек. Оған қоса Бейбітшілік және келісім сарайында алғашқы республикалық «Aiala» арт-эко фестивалі өтеді.

Астана
Фото: Астана әкімдігі

Балаларды қорғау күні елімізде жалпыхалықтың деңгейде атап өтіледі. Қазақстан балалар құқығын қорғау конвенциясына 1994 жылы қосылған болатын. Балалардың құқықтары мен олардың өзекті мәселелерін шешуге жіті назар аударылады. Сонымен қатар, балалар құқығына байланысты бірнеше заңдар қабылданған. Ресми болжамға сәйкес, 2027 жылға қарай Қазақстандағы балалар саны 8 миллионға дейін жетпек. Қазіргі таңда елімізде 7 мыңнан астам мектепте 3,8 млн бала білім алады.