Шығыс Қазақстан облысында каналға түсіп кеткен көліктен жүргізушінің мәйіті шығарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Жер-2024» оқу-жаттығуына келген Қарағанды облысының құтқарушылары автокранның көмегімен судан автокөлікті және оның ішінде қимылсыз жатқан жүргізушіні алып шықты, — делінген хабарламада.
Жеңіл автокөлік Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауылынан 5 километр қашықтықта жол апаты салдарынан Төре Тоған каналына түсіп кеткен.