1 маусымда магистратураға түсуге өтініш қабылдау басталады

Биыл кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығы хабарлады. 

1 маусым мен 8 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініш қабылданады. Құжаттарды ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн өткізуге болады. 

Тіркелу барысында сіз тестілеу өтетін қала мен орынды өзіңіз таңдайсыз. Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 13 шілдеге дейін үміткердің жеке кабинетіне жолданады, – делінген хабарламада. 

Биыл кешенді тестілеу 20 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Оған қатысу үшін 14 693 теңге төлеу қажет.