Алматыда 15 мың әлеуметтік нысан паспортталады

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша биыл қалалық әлеуметтік нысандарды паспорттау және 750 нысанды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың пайдалануына бейімдеу жоспарланып отыр.

Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында барлығы 15 мың нысанды паспорттау көзделген.

Инклюзивті қала қағидаттарын енгізу және Алматының сапалы инфрақұрылымын дамыту – қалалық әкімдіктің де, барлық аудандық әкімдіктің де басты міндеті. Паспорттау процесін автоматтандыру мақсатында қаланың ситуациялық орталығымен бірлесіп, еңбек шығындарын қысқартуға және объектілерді паспорттау мен бейімдеудің барлық кезеңін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін деректерді енгізу үшін мобильді нұсқа әзірленді, — деді басқармадан.

Сонымен қатар 1 900 қоғамдық көлік аялдамасы мен 11 метро станциясын паспорттау объектілерінің тізіміне қосу жоспарда тұр.

Сонымен қатар биыл мүгедектігі бар 42 959 адамды әлеуметтік қызметтер порталы («Инватакси» қызметінен басқа) арқылы 16,9 миллиард теңгеге оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етіледі.

1 мамырға «Инватакси» тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін 100 машина ұсынылған. 422 адам кресло-арбалармен, 552 адам сурдоқұралдармен, 889 адам тифлоқұралдармен, 1 294 адам протездеумен және ортездеумен, 5 097 адам гигиеналық құралдармен, сөйлеу процессорларымен қамтамасыз етілген. Санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін 1 586 алматылық, жестеу тілі маманының қызметін 827 адам, жеке көмекшіні 3 265 адам пайдаланды, — делінген хабарламада.