Басты бетЖаңалықтарӨңдеу өнеркәсібі...

Өңдеу өнеркәсібі 105,2%-ке өсті

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев биылғы жылдың төрт айында өндіріс көлемі 7,1 триллион теңге болғанын мәлімдеді.

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады. 

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың осы кезімен салыстырғанда 19,9%-ке ұлғайып, 403,2 миллиард теңге болды. Саланың экономикаға қосқан үлесі 4,3 тиллион теңге болды. Өңдеу өнеркәсібінің өсімі — 105,2%, — деді министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, енді мемлекеттік қолдау алатын кәсіпорындар өндірісті тереңдету және жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға міндетті болады.

Ірі кәсіпорындардың отандық өнім үлесін дамыту бағдарламаларын қабылдау міндеттемелерін және табиғи монополия субъектілерінің сатып алуларында отандық тауарлардың үлесін ұлғайтуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленді, – деді министрліктің басшысы.

Бұл бағдарламалар офтейк-келісімшарттар және ұзақ мерзімді шарт жасасу, шағын және орта бизнес белдеуін құру сияқты шараларды қамтиды.

Оның айтуынша, мемлекеттік ынталандыру шараларына қатысушыларға қатысты құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде отандық өнімді қолдану, сонымен қатар өңдеу деңгейін тереңдету бойынша міндеттемелер қойылады.