Басты бетЖаңалықтарОлжас Бектенов:...

Олжас Бектенов: Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керек

Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керек. Бұл туралы үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

Машина жасау саласында автомобиль өндірісі жетекші рөл атқарады. Былтырғы қорытынды бойынша өндіріс көлемі 37%-ке өсті. 2025-ші жылға қарай жеңіл автомобильдер өндірісін 160 мың бірлікке дейін, жолаушылар вагондары өндірісін 100 бірлікке дейін, локомотивтер өндірісін 120-ға дейін, платформалар өндірісін 500-ге дейін және жартылай вагондар өндірісін 1,5 мыңға дейін ұлғайту қажет, — деді үкімет басшысы.

Сонымен қатар премьер-министр Екібастұзда теміржол кластерін одан әрі дамыту керектігіне назар аудартты.

Өйткені, онда теміржол көлігіне және магистральдық жолдарға арналған өнімдердің бүкіл желісі игерілген, — деді Олжас Бектенов.