Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақыты бойынша сағат 11.12-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 986 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6.
- MPV магнитудасы — 4.4.
- Жер сілкінісінің координаттары – 50,70° с.е. 83,81° ш.б.
- Тереңдігі — 5 км.
Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында – жоқ.