Алматылық құтқарушылар бір мезгілде екі өртті сөндірді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, бірінші оқиға Наурызбай ауданының Қалқаман шағынауданында болған. Тұрғын үйдің жертөлесінде макулатура жанып кеткен. Тұрғындар пәтерінен өз бетімен шыққан.
Алматылық құтқарушылар шақыртудан кейін жарты сағаттың ішінде тілсіз жауды сөндірді.
Екінші оқиға Жетісу ауданындағы жеке тұрғын үйде болды. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.