Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,9-444,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 441-446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 443,16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,94 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87-4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,87-4,97 теңгеден сатылып жатыр.