Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,3-444,1 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 441-446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 443,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85-4,93 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,84-4,94 теңгеден сатылып жатыр.