Басты бетЖаңалықтарАлматыда Заманбек...

Алматыда Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш тақта орнатылды

Ескерткіш тақта Заманбек Нұрқаділовтің тұрған үйіне орнатылған.

Бұл отбасымыз үшін маңызды дүние. Шындық біртіндеп ашылады деп ойлаймын, — деді Заманбек Нұрқаділовтің қызы Құралай Нұрқаділова.

Ашылу салтанатына Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары Нұрбике Нұрқаділова мен ұлы Қайрат Нұрқаділов те қатысты.

Заманбек Нұрқаділов — оппозициялық саясаткер. Ол 2005 жылы 12 қарашада өз үйінде өлі күйінде табылды.