Шетелден келетін көлікке алынатын утилизация алымына қарсы петицияға 50 мың адам қол қойды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утилизация алымын жою туралы талап заңға сәйкес қаралатынына тоқталды.
Әрине, халықтың пікірін ескеру керек. Бірақ оны заң бойынша жасауымыз қажет. Заңға сәйкес, қазір петиция жүріп жатыр. Петиция аяқталған соң оны үкімет деңгейінде қараймыз. Заң бойынша процесс осындай, — деді ол.
Заңға сәйкес 50 мыңнан аса дауыс жинаған петицияны үкімет қарауға тиіс.