Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылына су басу қаупі төнгендіктен елдімекен тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Бұл туралы жергілікті жедел штаб хабарлады.
Тұрғындар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің N1 жатақхана базасындағы эвакопунктке орналасады. Қаласа тұрғындар туыстарының үйіне де бара алады, — делінген жергілікті жедел штаб хабарламасында.
Талдыкөл ауылынан 600-ден астам адам эвакуацияланып, бір бөлігі Атырау қаласына, бір бөлігі туыстарына барған. Жергілікті жедел штабтың айтуынша, 250 адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.