Басты бетЖаңалықтарАкадемик Төрегелді...

Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов 94 жасына қараған шағында дүниеден озды. Бұл туралы Төрегелді Шармановтың ұлы Алмаз Шарманов хабарлады.

Төрегелді Шарманов Қазақстан ұлттық ғылым академиясының және Ресей медицина ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы және президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі.

Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасаған. Академик түрлі аурудың даму механизімін ашты. Төрегелді Шарманов – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері. Бұл медальмен әлемде 43 адам марапатталған.