Академик Төрегелді Шарманов ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты

Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың басты сыры қымызда екенін айтты. «Сондықтан көшпенді халқымыз ерекше қастерлеген шикізатқа ерекше көңіл бөлуіміз керек»,- дейді ғалым. Оның айтуынша, табиғи таза сүт өнімі ағзаның жасаруына жағдай жасап, қатерлі дерттің алдын алатын көрінеді.

«Біз бірегей өнім шығарамыз. Әлемде мұндай тауардың түрі жоқ. Бүгінгі таңда өзіміздің ұлттық брендпен және қант қоспаларын пайдаланбай өнімін өндіріп отырған біздің компания. Осы арқылы біз экономикамыздың күре тамырына қан жүгіртіп, өнімімізді экспорттап, халықтың ұзақ ғұмыр кешуіне жағдай жасап отырмыз. Осы арқылы балалар да түрлі дерттерден сақтанады»,- дейді Төрегелді Шарманов.

ДереккөзKhabar.kz